Марафонға кітапхана оқырмандары - поэзияны сүйетіндер қатысты. Іс-шараға «Кітаптар және барлық мезгілдердегі авторлар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Марафон барысында Абайдың, М.Мақатаевтың, М.Жұмабаевтың, А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың, С.Есениннің, Н. Доризодың, А.Деменьевтің, К.Симоновтың және басқа да ақындардың өлеңдері тыңдалды.