Сіздердің назарларыңызға ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі 2025 жылға берілген Қостанай облысының атаулы күндері және оқиғалар күнтізбегінің 52-ыншы шығарылымын ұсынып отыр. Бұл басылымға өлкеміздің атаулы тарихи оқиғалары, Қостанай өңірінен шыққан немесе біздің облыста қызмет атқарған атақты адамдардың мерейтойлары, мекемелер мен кәсіпорындардың және т. б. мерейтойлық даталары енгізілген. Сіз Қостанай облысының 2025 жылға арналған күндер мен оқиғалар күнтізбесін жүктеп, онымен толық таныса аласыз.