«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 13.05.25

 Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында Придорожный ауылдық кітапханасында «Отанымыздың даңқты ұлдары» атты дөңгелек үстел өтті. 

Бұл шараның мақсаты - оқырмандарды патриотизмге, азаматтылық рухында тәрбиелеу, өз халқының тарихына, өз халқының тағдырына  назар аудару болып табылады. Іс-шараға Воронеж ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы - Дубко Л.З., «Воронеж орта мектебі» КММ кітапханашысы - Т.М. Анишченко және Воронеж орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара «Мерекенің тарихы» видеоролигінің көрсетілімімен басталды. Әрі қарай ауылдық кітапхананың   кітапханашы Э.В. Губская Отан қорғаушылар күнімен таныстырып, Отанға деген сүйіспеншілік, оның өткені мен бүгінгі күніне, өзінің мемлекетінің, халқының тарихын білмей, болашақты құру мүмкін емес екендігін атап өтті. Отанға деген сүйішпеншілік бала кезден сенімен бірге өсіп, бізбен бірге өседі. Сондықтан кейіпкерлердің есімдерін еске түсіруді үйрету қажет. Бұдан әрі «Әскери қызметкері» Л.З.Дубко сөз сөйледі. Ол оқырмандарды «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңымен таныстырды, балаларды Отанының патриоттары болуға шақырды, Отан алдындағы әскери міндеттерін орындаудың қасиеттілігін атап өтті. Балалар осы тақырыпты талқылауға белсене қатысты. Сонымен қатар, оқушылар «Жас Астар - 2011» видеоролигін үлкен қызығушылықпен қарады. Воронеж орта мектебінің оқушылары Қостанай облысының жауынгерлік патриоттық клубтарының V мерейтойына қатысып, іс-шараны аяқтады.