Ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында Орталық аудандық кітапханасы №2 ОМ жоғары сынып оқушыларымен «Мен өз халқыма қызмет етемін» атты шығармашылық сағатын өткізді. Кітапханашы ақынның өмірбаяны, шығармашылығы туралы айтты. Қатысушылардың назарына «Сәкен Иманасов келбеті» бейнеролигі көрсетілді, «Сәкен Иманасовтың дала жырлары» атты кітаптарына шолу жасалды. Іс-шара мемлекеттік тілінде өткізілді.