«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 16.05.25

"Қарттарым – асыл қазынам"

 көңілді әңгіме кеші

1 қазан күні көптеген елдерде, тіпті бүкіл планетада Халықаралық қарттар күнін атап өтеді. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап дүние жүзі бойынша қарт адамдарға құрмет көрсету дәстүрге айналды. Бұл дәстүр Қазақстанда да жалғасын тапты. Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата - бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл - кеңестеріңіз, тәлім - тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп - өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.

 

27 қыркүйекте орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары "Федоров арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" ММ-де "Қарттарым – асыл қазынам" атты әңгіме кешін өткізді. Іс-шара жылы, еркін жағдайда өтті: құттықтаулар, алғыс сөздер, әдемі музыкалық нөмірлер және бейнероликтер көрсетілді, кейін әзіл-ысқақтар мен викториналық сұрақтар қойылды. Кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен "Әжелер мен немерелер" атты қойылымы қонақтарға қатты ұнады. Кеш соңында қонақтарымыз "Қарттарым аман сау жүрші» атты кітап көрмесімен танысты.