«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 16.05.25

 Еңбек адамы-мемлекет тірегі

 

  Қазақстанда ауыл еңбеккерлерін тамаша мереке - Еңбек күнімен құттықтау жақсы дәстүрге айналды. Осыған орай Федоров орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары осы мерекеге арналған іс-шараға «Еңбек адамы – мемлекет тірегі» атты кітап көрмесін Димитров атындағы №1 ОМ-де дайындап ұсынды. Көрмеге қатысушыларға кең тақырыптық мынадай материалдар ұсынылды: облыстың еңбек даңқы кітаптары, ауыл мен аудандардың дамуына елеулі үлес қосқан танымал адамдар туралы әдебиеттер. Кітапхана қызметкерлері көрмені біздің ауданымыздың әр түрлі кәсіптегі қызықты адамдар туралы жинақ пакаларымен көрмені толықтырды. Көрме келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды: материалды қарап, олар кітап беттеріндегі таныс тұлғаларды үлкен қуанышпен танып, өткенді еске алды. Ауданда өсірілген дәнді дақылдардан жасалған қолөнер көрменің сәнін келтірді.