«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 16.05.25

«Еңбек қолының даңқымен»

   Еңбек күніне орай кітапханада «Еңбек қолының даңқымен» атты еңбек адамдарымен кездесу кеші өтті. Кездесуге өз саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен әр саланың мамандары шақырылды, олар: көлік жүргізуші Гриб Владимир Яковлевич, музыка пәнінің мұғалімі Набок Людмила Гавриловна, медицина саласының қызметкері Шаповалова Валентина Георгиевна және ауданымызға қарасты мектептердің жоғары сынып оқушылары. Алдымен, кітапханашылар барлық қатысушыларды мерекеге арнайы дайындалған «Бақыттың кілті еңбекте» атты көрме-экспозициясымен таныстырды. Бұл көрмеде аудан мен ауылдарымызға көп жылдар бойы еңбегі сіңген еңбеккерлер туралы матералдар қойылды. Іс-шараның негізгі мақсаты, келешек жастарды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, дербестікке, кез келген еңбек пен еңбек адамдарына құрмет көрсетуді қалыптастыру болды. Кездесуге шақырылған қонақтардың әрқайсысы өз мамандығы туралы, еңбек жолы неден басталғанын, болашаққа деген жоспарларымен бөлісті. Кездесу соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Іс-шара барысында қызықты бейнематериалдар көрсетіліп, шай ішумен аяқталды.