Баннов моделді кітапханасы «Солнышко» блалар бақшасының тәрбиеленушілерімен «Қалай ауырмау керек» саяхат – сабағын өткізді. Денсаулық еліне ауырмай қызықты саяхат жасап, балалар әр түрлі аурулардың алдын алу туралы, жүгіру мен жүрудің пайдасы туралы, неге таңғы жаттығу қажет, қалай дұрыс тамақтану керектігі туралы білді. «Кір-қожалақ» патшалығында баланың тапсырмасын орындай отырып, зиянды микробтармен және жеке бастың тазалығына қажетті заттарымен танысты. Денсаулық елінің ханшайымы балаларды өз-өзіне массаж жасауға, пайдалы тағамдарды зиянды тағамдардан ажыратуға үйретті және барлық балаларға сабын көпіршіктерін сыйлады. Іс-шара көңілді сабын отшашумен аяқталды.