«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 16.05.25

Жастар активімен кездесу

   29 тамызда Федоров орталық аудандық кітапханада Федоров ауданының әкімі Т. К. Исабаевтың, мемлекеттік қызмет ардагері Е. И. Аманның, Алтынсарин ауданының «Зуевка» ЖШС директоры А. И. Бородиннің , Федоров аудандық мәслихатының хатшысы Б. Е. Исенғазиннің қатысуымен жастар активімен кездесу болып өтті. «Жастар жылы: мемлекет құрған мүмкіндіктерден әр адамның бастамасы» тақырыбындағы кездесу қызықты, жанданған жағдайда өтті. Қонақтар өздерінің кәсіби қызметі туралы айтып, жастардың сұрақтарына жауап берді, таңдаған мамандығы бойынша мансаптық өсуге қалай қол жеткізу керектігі туралы кеңестерімен бөлісті. Кітапханашылар «21 ғасыр жастары – болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты кітап көрмесіне шолу жасады.