«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 16.05.25

«Конституция-құқықтық мемлекеттің кепілі»

04.09.2019

«Конституция-құқықтық мемлекеттің кепілі»

    Қазақстан Республикасының Конституция күні-еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі. Қазақстан Конституциясы күніне орай Баннов модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Конституция-құқықтық мемлекеттің кепілі» дөңгелек үстел барысында Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, негізгі саяси-құқықтық құжат болып табылатынын атап өтті. Әлеуметтік педагог А.А.Байназарова өз сөзінде ұстаздарға оқушылардың ҚР Конституциясының баптарын зерделеуді жалғастыру, өзінің конституциялық құқықтары мен міндеттерін құрметтеуге және орындауға негізделген оған саналы көзқарасты тәрбиелеу жөнінде өтініш білдірді. Дөңгелек үстелге қатысушылардың назарына кітапханашы «Біздің Конституция – біздің заң» атты кітап көрмесін ұсынды.