«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 16.05.25

Конституция. Бастапқыдан қазіргі уақытқа дейін

29.08.2019

Конституция. Бастапқыдан қазіргі уақытқа дейін

  28 тамызда №2 орта мектепте орталық аудандық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Конституция. Бастапқыдан қазіргі уақытқа дейін» тақырыбында Конституция Күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары «Нұр Отан» партиясының және жастар ресурстық орталығының мүшелері болды, ал көрермен ретінде аудан мектептерінің оқытушылары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тарихшылар, кітапханашылар және т.б. қатысты. Баяндамашылар алғашқы заңдардың пайда болу тарихы және оларды жасаушылар туралы қызықты түрде әңгіме өрбітті. Содан кейін сөз сөйлеушілер мен көрермендер арасында Конституцияның біздің өміріміз бен мемлекеттің дамуындағы мәні туралы әңгіме болды. Іс-шараны «Халық қабылдаған заң» тақырыбындағы  ҚР Конституциясы, қазақстандықтардың өміріндегі негізгі заңның рөлі туралы әдебиеттер ұсынылған кітап көрмесі толықтырды.