Қазақстан Республикасының Конституция Күні мерекесі қарсаңында «Федоров арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ММ – де тұратындар үшін орталық аудандық кітапхана қызметкерлері «Біздің Конституция – біздің заң!» тақырыбында танымдық бағдарлама өткізді. Барлық қатысушыларға кітапханашылар түсінікті түрде біздің басты заңымыздың негізгі ережелері туралы айтып берді; азаматтардың құқықтары қандай екендіктерін, міндеттері жайында түсіндірді. Барлығына белгілі фильмдерден кино-викторина ұнады, оның мысалында белгілі кейіпкерлердің қандай құқықтары және қалай бұзылғанын анықтау ұсынылды. Бағдарламада ҚР Конституциясы туралы видеоролик көрсетіліп, Конституцияны білуге арналған сауалнама элементтерімен әңгіме жалғасын тапты.