«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 15.05.25

Көңілді көтер! Наурыз мейрамы келді!

26.03.2019

Көңілді көтер! Наурыз мейрамы келді!

   

    22 наурыз күні Мирный ауылдық кітапханасында Наурыз мерекесіне арналған көпшілік серуен кезінде «Көңілді көтер! Наурыз мейрамы келді!» атты «Ғажайып алаң» ойыны өткізілді. Ойынға ауыл тұрғындары мен қонақтарының ішінен келген кез келген адам қатыса алды. Турлар арасында жарнамалық үзіліс өткізіліп, Наурыз туралы, ұлттық тағамдар, салауатты өмір салты туралы кітаптар таратылды. Соңғы турдың супер-ойында шағын орталықтың тәрбиешісі Ж.М.Нұрмағамбетова жеңімпаз атанды. Ойын Чандак ауылдық округінің әкімі Б.Ж.Бексұлтановтың және демеушілер: «Феникс» ШҚ, «Пшеничное» ЖШС және «Чандак»ЖШС басшыларының көмегімен өтті. Ойын қызықты өтті, ойыншылар және көрермендер риза болды.