Наурыз мейрамы-көктемгі жаңару мерекесі, ол жаңа жылдың басталуын, жаңа өмір мен жаңа үміттерді бейнелейді. Наурыз мейрамы бір жыл бойы үйге амандық пен табыс әкеледі деп есептеледі. Бұл сенімдер мерекелік салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың молшылығымен түсіндіріледі. Мереке қарсаңында Новошумный ауылдық кітапханасында «Жаңару мен жақсылық мерекесі» атты сайыс викторинасы өткізілді, мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрпына қызығушылығын қалыптастыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Іс-шара презентациялар мен бейнероликтермен сүйемелденді. Кітапханада «Наурыз – Бейбітшілік пен игіліктің нышаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда осы жарқын мерекеге арналған мерекелік құттықтаулар мен тілектер, әндер, өлеңдер, сценарийлер ұсынылды.