«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 15.05.25

«Сөз құдіреті»

байқаудың VI аудандық кезеңі

 

     Қазақстандық балалар кітабының осы мерекесі 27 наурызда Федоров аудандық балалар кітапханасында 12-13 жас аралығындағы оқырмандар арасында «Сөз құдіреті» облыстық мәнерлеп оқу сайысының VI аудандық кезеңі өтті. Байқау, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының  «Рухани қазына» мемлекеттік кіші бағдарламасын  жүзеге асыру аясында өтті және жасөспірімдердің қазақ әдебиетіне деген қызығушылық деңгейін арттыруға, шебер сомдаушы дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған. Байқау тақырыбы: «Балалық шақ-бақытты кезең!». Байқауға қатысу үшін шығармаларды таңдау қазақстандық авторлардың, сондай-ақ Қазақстаннан шыққан шетелдік авторлардың көркем әдебиетімен шектелді. Конкурсқа 16 өтінім берілді, бірақ жағдайға байланысты ауданның 7 өңірінен 8 қатысушы қатысты. Қатысушылар байқау қатысушылармен бірге кемеде балалық шақтың тамаша еліне саяхат жасады. Суырып салма аралдарында қатысушылардың орындауында Л. Лазарева, С. Дүйсенбиева, Р. Шотбаева, А. Амраеваның және т.б. шығармалары орындалды. Қойылым музыкалық фонмен, декорациялармен, костюмдермен сүйемелденді.

Оқушылар мұқият оқып, көпшілікігі сахнада шеберлігін көрсете білді. Әртістік, эмоциялық беру және мәнерлеп оқу, сондай-ақ жалпы сахналық мәдениет және сөйлеу мәдениеті бағаланды. Балаларды 4 адамнан тұратын білікті қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасы байқаудың көптеген қатысушыларының жоғары дайындық деңгейін атап өтті-сөйлеу сауаттылығы, дауыс қою жеткілікті жоғары деңгейде қалыптасты, өздерінің сахыналық шеберліктеріне, көркем талғамның бірегейлігіне ерекше назар аударды. Ерекше көзге түскен балалар номинацияларда атап өтілді: «Айрықша таңдау»-Жигалина Эвелина, Банновка ауылы; «Шебер сомдаушы» - Огородникова Валентина, Первомай ауылы; «Мұра» – Уразбаева Зарина, Федоров ауылы (№2 ОМ); «Кітапхана таңдауы» – Уласевич Татьяна, Костряков ауылы. Байқауда Новошумный ауылының тұрғыны Жансаитова Елдана, М. Зверевтің «Орел Азама» шығармасынан үзінді оқып жеңіске лайық деп табылды. Ельдана біздің ауданымызды VI облыстық мәнерлеп оқу сайысында қорғайтын болады. Екінші орынды Пешков ауылының тұрғыны Трушкина Валерия иеленді. Үшінші орын – Баннов ауылының тұрғыны Овчинников Денис, Аделия Амраеваның «Футбольное поле» кітабынан үзінді оқыды. Байқаудың әрбір қатысушысы алған марапттары мен сомдауына риза болды. Байқау Балалар өнер мектебінің жас орындаушыларының орындауында музыкалық нөмірлер безендірілді, олар байқауға қатысушылар мен қонақтар үшін сыйлық болды, сонымен қатар барлық іс-шараның соңында, жарқын көңіл күй болды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және барлық қатысушыларға олардың орындаушылық шеберлігі үшін алғыс білдіреміз! Байқауға қатысуға дайындаған барлық кітапханашылар мен ұстаздарға алғысымызды білдіреміз.