Наурыз - көктемнің тууын, көктемгі жаңару мерекесін, Республика халықтарының достығы мен бауырластығының нығаюын білдіреді. Мереке қарсаңында ауданның барлық кітапханаларында кітап көрмелері ұйымдастырылып, мерекелік іс-шаралар өткізілді. ОК кітапханашылары күні бойы өз оқырмандарын берекелі дастарханмен қарсы алды, қазақ әуендері шырқалды.
21-наурыз күні барлық кітапханашылар әкімдіктердің, мектептердің, клубтардың мамандарымен бірлесіп ауылдық округтерде өткізілген үлкен бұқаралық іс-шараларға қатысты. Федоров ауылының орталық алаңында орнатылған киіз үйлердің бірінде ОК және БК кітапханашылары "Наурыз – жыл басы!» көрмелік павильонын рәсімдеді. Киіз үйде Аян Елибаев пен Турар Елибаевтың жақында жарық көрген "Жаркөл. Тарихтың сырлары" кітабы орталық орында орналастырылды.

Сондай-ақ, кітапханашылар мереке туралы кітаптар мен дәстүрлі тұрмыстық заттар, киім-кешек, зергерлік бұйымдар, ұлттық атрибутика және т. б. ұсынылған көркем көрмелер рәсімдеді.Іс-шара бағдарламасына сәлемдесу, құттықтау, жарияланған кітап туралы ақпарат, Наурызды мерекелеу тарихы, ұлттық дәстүрлер, салт-дәстүрлер, тағамдар, әшекейлер, ойындар, жарыстар туралы әңгіме кірді. Балалар мен ересектер үшін қызықты байқаулар, викториналар, жарыстар өткізілді. Киіз үйге келген барлық қонақтарға бауырсақ, кондитерлік өнімдер, тәттілер ұсынылды. Іс-шара 150-ден астам адамды қамтыды.