«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 13.05.25

1-сәуір күні Федоров аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде ұлы қазақ композитор-күйшісі, дирижер және халық әнінің шебері Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған  «Балалық шақ әуендері» әдеби-танымдық сағатын өткізді.

Шара басында кітапханашы оның Отан мен халық алдында сіңірген ерен қызметтері туралы, Тілендиев шығармашылығының қазақ күй өнеріне жаңа тыныс, жаңалық әкелгені туралы айтты. Оның шығармалары қазақ халқының музыка мәдениетінің алтын қорына айналды. 2025 жылды Нұрғиса Тілендиев жылы деп жариялаған ЮНЕСКО-ның тануы мерейтойгердің жаһандық маңызын көрсетеді. ТЮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің Мәдениет министрлерінің 40-шы Тұрақты кеңесінің қорытындысы бойынша 2025 жыл да Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы болып жарияланды.

Шара барысында оқушыларға Н.Тілендиевтің концертінен үзінді көрсетіліп, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Тілендиев сазы» викторинасы өткізілді. Сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Н.Тілендиевтің Ұлы Отан соғысына қатысқаны туралы айтылды.

Бұл шара Нұрғиса Тілендиев шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттауға және оның ұлттық музыкадағы орны мен рөлін тереңірек түсінуге ықпал етеді, ұлттық құндылықтарды, өнерді сақтау, патриоттық тәрбие беру жолындағы маңызды қадам болып табылады.