«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 13.05.25

Наурыз мейрамын тойлау бүгінгі күнге дейін сақталып келген көптеген салт-дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен бірге жүреді. Соның бірі – ұлттық киімдерге арналған күн. Бұл әрқайсымыздың ата-бабаларымызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезең. Ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімдері өзінің қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленіп, мән-маңызы сәннен де асып түседі. Бүгінгі жаңғыру дәуірінде ұлттық киім өз маңызын жоймай, бұрынғы дәстүр мен заманауи үрдістерді үйлестіре отырып, жаңа түсініктерге ие болуда. Ұлттық киім қазақстандықтардың ұлттық сипаты мен бірлігін бейнелейтін еліміздің мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналды. Ұлттық киім күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары әлеуметтік желі қолданушылары үшін «Ұлттық киім» бейнеролигін дайындады.

Бейне сілтемесі: https://www.instagram.com/p/DHU651XNA9O/?next=%2F