«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 13.05.25

Сәукеле – қазақ халқының дәстүрлі бас киімі, қалыңдыұтың сұлулығы мен әулеттілігін айшықтайтын ерекше ұлттық мұра. Ол тек сәндік бұйым ғана емес, сонымен қатар жаңа өмірге қадам басқан қыздың құрметі мен мәртебесін көрсететін қасиетті бас киім. Сәукеле көбіне бағалы тастармен, інжу-маржанмен, алтын және күміс бұйымдармен безендіріледі. Бұл бас киім тек әдемілік үшін ғана емес, сонымен қатар қыздың шыққан тегінің байлығы мен мәртебесін көрсеткен. Бай әулеттердің қыздарына арнайы зергерлер тапсырыспен сәукеле жасаған, ал кейбір сәукелелер ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде сақталған. Қазақ халқында сәукеле кигізу – үйлену тойының ғасырлар бойы жалғасқан ерекше дәстүрлерінің бірі. Бұл рәсім қыздың өз шаңырағынан ұзатылып, жаңа әулетке келін болып түсер алдындағы маңызды сәт. Мәдениет және ұлттық салт-дәстүрлер күніне орай Федоров аудандық кітапханасының кітапханашылары әлеуметтік желілер қолданушыларына «Сәукеле кигізу» бейне-ролигін дайындады.

Бейне сілтемесі: https://www.instagram.com/p/DHSV_IJNwJy/?next=%2F