«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 13.05.25
27 ақпан күні Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының негізі қаланғанына 30 жыл толуына орай Федоров аудандық орталық кітапхана кітапханашылары Федоров арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғындары үшін «Ризашылық шек білмейді» ақпараттық-патриоттық сағатын өткізді.
 
 
Іс-шара барысында ФАӘҚКО директоры А.К.Оспанова, қоғамдық кеңес мүшесі З.А. Шашкова және Федоров ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі Т.М. Волоткевич барлығын келе жатқан мерекемен құттықтады және жиналғандарға ізгі тілектерін айтып, алғыстарын білдірді. Іс-шараның концерттік бағдарламасы орталықтың шығармашылық ұжымдары, балалар өнер мектебінің тәрбиеленушілері және «Жастар» АМҮ әртісі А. Бейбітханның нөмірлерінен тұрды. Шараға қатысушылар еліміздің халықтарының достығы туралы өз әңгімелерін ортаға салды.