«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 13.05.25

28 ақпан күні Федоров аудандық орталық кітапханасында Тіл саясатын дамыту туралы 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдаманы жүзеге асыру аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанының 30 жылдығына арналған Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері: ҚР Ішкі істер министрлігінің Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының доценті, полиция подполковнигі  Мырзабек Сардарбекович Туйганов,  философия ғылымдарының кандидаты, «ЧелМУ» Қостанай облыстық филиалының профессоры Денис Анатольевич Кочеев ауданымыздың тұрғындарымен кездесу өткізді.  

Кездесу барысында мемлекеттік тілді үйрену және меңгеру маңыздылығы жөнінде, Қазақстан Республикасы аумағында тұратын халықтардың достығы және тығыз қарым-қатынасу туралы сөз қозғалды. Кітапханаға «Актуальные вопросы межэтнических отношений: современное состояние и перспективы» кітабы сыйға тартылды.