«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 13.05.25

Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым

26.02.2025
26 ақпан күні Федоров аудандық орталық кітапхана кітапханашылары қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың өмірбаяны мен шығармашылығына арналған Абай ат. ЖББМ 10-сынып оқушылары үшін «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» әдеби кешін өткізді. Іс-шара «Ленинградцы, дети мои» бейнеролигін тамашалаудан басталды. Әдеби кеш барысында кітапханашы ұлы ақынның өмірлік жолы туралы, оның әлемдік алаңда танылған еңбектері туралы айтып берді. Баяндама тақырыптық бейнебаян және мұрағаттық құжаттар және Жамбыл Жабаев бейнеленген кадрлармен сүйемелденді.