Жаңа жыл қарсаңында Федоров аудандық орталық кітапхана кітапханашылары «4 сезона» клубының қатысушыларына атақты тележүргізуші Леонид Аркадьевич Якубовичтің «қатысуымен» «Жаңа жылдық ғажайыптар алаңы» мерекелік-сауық бағдарламасын ұйымдастырды. Ойын үш кезеңде өтіп, ең мықты ойыншы финалда ұтып шықты. Ойын барысында барабан тілі музыкалды үзілістерге, екі қобдишаға, банкрот және мүмкіндік секторына түсіп отырды; көрермендер мен қатысушылар оның әр айналымын толқумен бақылап отырды.
Кітапханада жаңа жылдық меркелерге орай 4 бөлімнен: «Ол бізге қалай келді», «Жаңа жылдық ойлар жинағы», «Өзіңді және туғандарыңды немен қуантуға болады», «Жаңа жыл кітаппен» тұратын «Жаңа жыл – сиқырлы сәт» кітап көрмесі рәсімделді. Көрме материалдары Жаңа жылды тойлау қашан және қалай басталғанын, мерекелік үстелге қандай өзгеше тағамдар дайындауға болатынын, осы сиқырлы түні киім-кешек пен макияжды қалай таңдау керектігін білуге көмектеседі. Сонымен қатар көрмеде жаңа жылдық мерекелерде оқуға келетін әдебиет ұсынылған.