24 желтоқсан күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары қазақтың көрнекі саяси қызметкері Тұрар Рысқұловтың дүниеге келгенінің 130 жылдығына арналған «Тұрар Рысқұловтың өмірі мен тағдыры» кеш-портретін өткізді.
Іс-шара М.Маметова ат. ЖББМ 9-сынып оқушыларына арнап өткізілді. Кеш-портрет Тұрар Рысқұловтың қиын балалық шағы туралы баяндайтын көркем фильмнен үзіндіден басталды. Оқушылар тарихи викторина сұрақтарына белсенді жауап беріп отырды. Қорытындысында, қатысушылар халық өмірінің сол бір қиын-қыстау кезеңі туралы өз ойларын ортаға салды.