Федоров аудандық орталық кітапхана кітапханашыларымен үш бөлімнен тұратын «Коррупция – бұл зұлымдық! Адал өмір сүру керек!» кітап көрмесі рәсімделді. «Қолданыстағы заң» бөлімінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы әрекет ететін құқықтық негіздер әдебиеті ұсынылған. Сөреде сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамасы мен тәжірибиесіне арналған заманауи әдебиет орналастырылған: «Ата заң – мемлекет дамуының іргетасы» Қопабаев Ө., Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Ар мен заң алдында» Қайранбаев Қ., және т.б. «Ғасырлар даналығы» бөлімі ежелгі заңнама мен әділдік және адалдық негіздерін қалыптастырған Қазақстанның тарихи тұлғалары туралы әдеби басылымдардан құралған: «Қазақ елінің дәстүрлі құқықтары» Омархан Қ., «Төле би», «Бәйдібек баба», және т.б. «Адалдық стратегиясы» үшінші бөлімінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу, жолын кесу және жою «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналының басылымдары ұсынылған.