«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 14.05.25
Қазақ ақыны Фариза Оңғарсынованың дүниеге келгенінен 85 жыл толуына орай Федоров аудандық орталық кітапханасында «Ол халық жүректерінде тірі» кітап көрмесі рәсімделді. Көрме екі бөлімнен тұрады. «Өмір сызығы» бөліміне Г. Оразалықызының «Фариза Оңғарсынова», «Писатели Казахстана», және т.б. кітаптар кіреді. «Поэзияның мөлдір бұлағы» бөлімінде Фариза Оңғарсынованың қазақ және орыс тіліндегі туындылары орналастырылған: «Полдневный жар», «Алмазный клинок», «Шілде» және т.б.