«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 14.05.25
15 қараша күні Федоров аудандық орталық кітапхана кітапханашылары Ы.Алтынсарин ат. ЖББМ оқушыларына Бейімбет Жармағамбетұлы Майлиннің 130 жылдығына орай «Қостанай өлкесінің інжуі» әдебиет кешін өткізді. Іс-шара аясында оқушыларға Б.Майлиннің туындылары ұсынылып, сонымен қатар оның шығармашылығына қысқаша шолу жасалды. Әдеби кешті Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» туындысы туралы бейне-баян аяқтады.