«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 14.05.25
Көрме - экспозиция
 
Бұл жылы ұлттық әдебиет классигі, заманауи қазақ әдебиетінің негізін қалаушыларының бірі Бейімбет Майлиннің дүниеге келдігіне 130 жыл толып отыр. Бұл күнге орай «Жастар» мәдениет үйінің фойесінде Федоров аудандық орталық кітапхана кітапханашылары «Халқының лайықты ұлы» кітап көрме-экспозициясына шолу жасады. Кітапханашылар көрме-экспозицияда жазушы туралы кітаптар мен мақалалар, сонымен қатар автордың өзінің қазақ және орыс тіліндегі туындылары ұсынылғандығын айтты. Бейімбет Майлиннің оның өмір кезеніне сай келетін атрибуттар: жазба машинкасы, үстел күнтізбесі, қауырсын қалам, үстел керосин шамы, және т.б. орналасқан жазба жұмыс үстелінің орантылымы қосымша болды. Көрме үш бөлімнен тұрды. «Бейімбет Майлин – Қостанай жерінің мақтанышы» бірінші бөлімінде Б.Майлиннің өмірбаяны, оның отбасысы, жазушының қайғылы тағдыры туралы әдебиет ұсынылған. «Өмірінің өшпес жарығы» бөлімі Б.Майлиннің серіктестерінің естеліктері және әйгілі тұлғалардың ол туралы мәлімдеме-материалдары мен кітаптардан тұрды. Б.Майлинді керемет шығармашылық өнімділігі ерекшелейді. Қысқа, бірақ жарқын өмірінде, 1923-1937 жж. аралығында, ол 55 кітап шығарды. Небәрі 43 жыл өмір сүріп, Бейімбет Майлин бірнеше роман, 10 повесть, 15 поэма, өлеңдер, очерктер, фельетондар, 20 пьеса, либретто және сценарийлер жазып үлгірді. «Бейімбет Майлиннің шығармашылық мұрасы» бөлімінде автордың өзінің туындылары орнатылды. Бейімбет Майлин қазіргі күндері де өзекті болып қалатын әдебиеттің барлығы дерлік жанрында төл туындылар жасады. Ол – өзінің әңгімелері арқылы уақыт тынысын бере алған және «Қостанай жерінің мақтанышы» болып дұрыс аталған керемет сөз суретшісі.