18 қараша күні Федоров аудандық орталық кітапхана кітапханашылары ауылшаруашылық колледжінің студенттеріне «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік зұлымдық» ақпараттық сағатын өткізді. Іс-шара барысында кітапханашылар сыбайлас жемқорлық дегеніміз не, сыбайлас жемқорлықтың қандай формалары мен көріністері бар екендігін, оның экономикаға, қоғам мен мемлекетке теріс ықпалы, сонымен қатар, оны жою әдістері туралы әңгімелесті. Іс-шара біздің елдегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің мысалдары бар тақырыптық таныстырылым және бейне-баянмен сүйемелденді.