«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 15.07.25

Алғыс айту күні – бұл біздің тәуелсіздігімізден туған жаңа дәстүр, ол халқымыздың ең мейірімді және жарқын мерекелерінің біріне айналды. Мереке қарсаңында Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Біздің заманымыздың батырлары» тақырыбында ақпараттық – патриоттық сағатын өткізді. Іс – шараға шақырылған қонақтар: Федоров ауданы өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау аға лейтенанты Мұхамбет Ақтөре Теміржанұлы, Федоров ауданы Қазақстан халықтары Ассамблеясы филиалының төрағасы Юрий Петрович Краснорылов. Сондай-ақ,  Ы. Алтынсарин атындағы ЖББМ 9 сынып оқушылары және Федоров ауылының тұрғындары. Кітапханашы нағыз батырлар біздің арамызда өмір сүретінін айтты.