Мереке қарсаңында Придорожный ауылдық кітапханасында «Алғыс айту күні» ақпараттық сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жерлестеріміздің туған ел мен жерге деген мақтаныш сезімін ояту. Кітапханашы іс-шараға қатысушыларға: «барған сайын адамдар қорқынышты, әрі қатыгез болып бара жатқаны қынжылтатынын айтты. Алайда, бұл өмірде жақсылықтың да бар екенін және ойланбастан жанқиярлықпен біреудің өмірін сақтап қалуға тәуекел ететін, өз өмірін құрбан ететін адамдардың да барын атап өтті». Толеранттылық, қонақжайлылық, жерлестеріміздің батырлық пен ерліктері үшін алғыс сөздер айтылды.