Облыстық байқауы
2023 жылдың 27 ақапанында «Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасы» КММ ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған «Шәкәрім оқулары» атты Республикалық мұраларын жатқа айту байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Байқауға әр ауданнан оқушылар қатысты. Соның ішінде біздің ауданымыздан «Федоров ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 7-сынып оқушысы Манарбекқызы Аяулым қатысып, қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Байқау «Талап» ірктеу кезеңі, «Білім» сұрақ-жауап кезеңі, «Таза ақыл» деп аталатын үш кезеңнен тұрды. Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерін жаттап, үлкен дайындықпен келген балалардың өнерін әділ қазылар алқасы бағалады. Бұл байқаудың басты мақсаты қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін және ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын насихаттау, оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне деген ықыласын артыру мен еліміздің рухани бірлігін нығайту мақсатында өткізілді. Мұнда келген шәкірттердің бәрі жыл сайын әртүрлі байқауларға қатысып, өздерінің білімдерін, өнерлерін көпшілікке танытып жүрген оқушылар. Сондықтан да байқау жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың ерекше дайындығы сезілді. Шәкірттердің өнерін тамашалауға жиналған көпшілік дән риза болды.