«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 15.07.25

Үштілділік – болашаққа бастар жол

27.02.2023

Баннов модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Үштілділік – болашаққа бастар жол» тақырыбында әңгіме – пікірталас өткізді. Қазіргі қазақстандық қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру адамның жеке және кәсіби қызметінің ажырамас құрамдас бөлігіне айналады. Оқушылар пікірталасқа белсенді қатысып, «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасының неліктен маңызды екендігі туралы өз пікірлерін білдірді. Соңында кітапханашы «Тіл – достықтың алтын көпірі» кітап сөресіне шолу жасап, үш тілде кітаптар ұсынды.