«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 15.07.25

Құпия есіктің құлпын ашқан қаламгер

23.02.2023

Әдеби кеш

23 ақпан күні Федоров аудандық балалар кітапханасы Ы. Алтынсарин атындағы мектептің 7 сынып оқушыларымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы, драматург, қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Құпия есіктің құлпын ашқан қаламгер» тақырыбында әдеби кеш өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы жазушының өмірі мен шығармаларының ерекшелігі, кейіпкерлерінің образдары, философиялық құндылығы туралы әңгімелеп,  «Қонақтар» шығармасы жайлы бейнеролик көрсетті. Кітапханашы жазушының  «Әке», «Ақиқат», «Көкжиек» повестері мен «Оң қол», «Қонақтар», «Өліара», «Ақшоқыда қыс қатты», «Парасат майданы» шығармалары қазақ әдебиетінде жоғары бағаланғанын атап айтты. Кеш соңында оқушылар кітап көрмесімен танысып, өз ойларымен бөлісті және қаламгердің шығармаларын оқып, «Бір ел – бір кітап» акциясын қолдауға уәде берді.