Алғыс айту күніне орай Придорожный ауылдық кітапханасында «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» тақырыбында «Мастерим – что хотим» хобби – клубының шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде балалар туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, туған жердің табиғатының сұлулығын, сәулетті жетістіктерін, елорда туралы өз көзқарастарын көрсетті. Көрме Қазақстан туралы кітаптармен толықтырылды.