«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 15.07.25

Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды міндеттердің бірі – қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру. Қазақстанның табиғаты ерекше ландшафт пен әсемдікке ие, сондықтан біздің мақтанышымыз болып табылады. Адамдар жердің тірі байлығын қалай сақтау және онда өмір сүретін барлық тіршілік иелерінің өмірін жақсарту туралы ойлануы керек.

Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары М. Мәметова атындағы орта мектептің 7 сынып оқушыларымен «Қоршаған ортаны қорғау» эко-викторинасын өткізді. Викторина бірнеше турдан тұрды: «Қазақстан қорықтары», «Қазақстанның Қызыл кітабы», «Кім? Не?", «Орман ережелері» және т.б. Іс-шара барысында тақырыптық слайдтар көрсетілді.