1 наурыз күні Қазақстан халқы Алғыс айту күнін атап өтеді. Осыған орай Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Алғыс айту – ұлттар бірлігінің басты құрамдас бөлігі» тақырыбында кітап көрмесін дайындады.Көрменің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» бөлімінде қоғамдық келісімді дамыту және ұлтаралық қатынастар мәдениетін дамыту тарихын ашқан авторлардың кітаптары ұсынылған. Атап айтар болсақ, Е. Тоғжановтың «Қазақстан халқы Ассамблеясы», Ж. Артықбаевтың «Қазақстан өзбектері», «ҚХА сессияларында сөз сөйлеу жинағы», «Этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері: қазіргі жағдайы мен болашағы» туралы кітаптар. Көрменің «Біз, Қазақстан халқы» атты екінші бөлімінде «Қазақстан этностарының өнер мен мәдениеттегі өкілдері», А. Шаймерденовтің «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», С. Кенжеахметұлының «Қазақтардың ұлттық тағамдары», А. Алексеенконың «Қазақстан этностары» әдебиеттері, сондай-ақ қазіргі таңда ерлік жасаған адамдар туралы анықтамалық материалдар ұсынылған.