Биыл қазақ музыка мәдениетінің дамуына үлкен ықпал еткен қазақ халық музыканты, композитор, домбырашы, көптеген күйлердің авторы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл. Оны және оның шығармашылығын еске алу үшін Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары ұлы күйшінің өмірі мен шығармашылық жолын бейнелейтін «Құрманғазы домбырасы күй шертеді» тақырыбында бейне-этюд дайындап, кітапханамыздағы Құрманғазы Сағырбайұлының әдебиеттерімен таныстырды.