Костряков ауылдық кітапханасы Алғыс айту күніне орай «Менің туған жерім» тақырыбында бейнеролик дайындады. Бейнеролик әртүрлі сала мен кәсіпте адал жұмыс істейтін, азаматтық және жұмыс барысында ерлік жасайтын қазақстандықтарға, елдің дамуына, әсіресе қазіргі таңда түрлі оқиғалар кезінде атсалысып жүрген және белсенділік пен азаматтық ұстаным танытқан адамдарға арналған. Бұл «Біздің заманымыздың батырлары»: «Қазақстанның Еңбек ері» – Владимир Розметов; өз борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші – Асқар Забикулин; өз өмірін қатерге тігіп, Астана қаласында қызды құтқарған – Сәбит Шонтақбаев. Бейнероликте 2022 жылы Қостанай облысындағы орман өртін жоюға қатысқан қатардағы қызметкерлерге, еріктілерге және қарапайым тұрғындарға алғыс айтылды.
Сілтеме: https://ok.ru/video/5170473667158