«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 16.07.25

Первомай ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Денсаулығың өз қолыңда» тақырыбында денсаулық сағатын өткізді. Іс-шараға қатысушылар қалай дұрыс тамақтану керектігін, салауатты өмір салтын қалай сақтау керектігін, күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын талқылады. Сонымен қатар, рецепттермен бөлісті, денсаулықты сақтау үшін не істейтіндері туралы кеңес айтты.