«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 16.07.25

9 ақпанда Костряков ауылдық кітапханасында орыс опера әншісі Федор Шаляпиннің 150 жылдығына арналған «Федор Шаляпин әлеміне саяхат» тақырыбында әдеби – музыкалық кеш өтті. Іс-шара Ф.И. Шаляпиннің «Не велят Маше за реченьку ходить» әнімен басталды. Кітапханашы балаларды Ф. Шаляпиннің «Страницы из моей жизни» кітабымен таныстырды. Содан кейін «Федор Иванович Шаляпин» бейнеролигін көрсетті. Бейнероликтен шығармашылық жолының күрделі болғанын, шетелдегі өмірін және оның Отанға деген сағынышын көрді. Соңында олар «Қара көздер» әнін тыңдады. Балалар әншінің шығармашылығына қызығушылық танытты.