Ертегі калейдоскоп
Аудандық балалар кітапханасында 9 ақпанында «Федоров ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушыларымен «Алдар Көсе туралы аңыздар» ертегі калейдоскопы өткізілді. Іс - шара барысында балалар «Алдардың тууы», «Алдар Алдар-Көсе қалай болды», «Мақтаншақ бай және Алдар-Көсе» туралы ертегілерін естеріне түсірді. Ары қарай «Кітапханалық театр» клубының қатысушылары Алдар Көсенің «Он тақия» ертегісінің сахыналық көрнісін ұсынды. Оқушылар Алдар Көсенің тапқырлығына таң қалып, байдың сараңдығына көңілдері толмай, өмірде сараң болмай мейірімді, кішіпейіл болу керек деген пікірлерін білдіріп.