15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні атап өтіледі. Атаулы күн қарсаңында Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Соғыс туралы дерек» тақырыбында кітап көрмесін дайындады. Көрмеге Ауғанстан оқиғалары мен оның қаһармандары туралы әдебиеттер орналастырылды: «Патриотами не рождаются» Бектұрсынова Н. және Макипова Т., «Тағдыр тозағы» Смағұла Б., «Жартасты жастаған жасақ» Жантасова А., «Возвращение из Афганистана» Стрельцова Н., «Последний кадр» Рамазанова А. және т.б. 15 ақпан кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылған күні