«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 16.07.25

Баннов модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы 3-сынып оқушыларымен «Кітап неден тұрады?» тақырыбында ақпараттық сабақ өткізді. Сабақ кітаптың негізгі элементтерімен және титулдық бет, мұқаба, мазмұн, иллюстрация және т.б. ұғымдармен таныстыру мақсатында өткізілді. Сонымен қатар ежелгі заманда кітапты өртеу мүмкін еместігі, алайда оларды оңай сындыруға болатындығы туралы айтылды. Өйткені олар саз тақтайшалардан жасалған. Мұндай «кітаптар» кітапханаларда жиналды. Іс-шара барысында балалармен жұмбақтар шешіліп, соңында «Кім мұқият» викторинасы өткізілді.