«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 16.07.25

2016 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігі 9 ақпан – қазақстандық жастар Күнін белгілеу туралы ереже қабылдады. Мереке қарсаңында Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары Жастар күніне арналған «Жас жүректер кеші» ойын–сауық бағдарламасын өткізді. Іс–шараға Абай және Ы. Алтынсарин атындағы мектептердің оқушылары шақырылды. Ойын–сауық бағдарламасы 4 кезеңнен тұратын викторина түрінде өткізілді: «музыка», «интеллектуалды», «көркем әдебиет», «жылжымалы». Кездесуде оқушылар өздерінің белсенділігін, ынтасы мен білімін көрсетті.