«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 16.07.25

9 ақпанда құрылған қазақстандық жастар күніне орай Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Болашақ – жастардың қолында» атты тақырыптық көрмесін ұйымдастырды. Көрменің бірінші бөлімінде «Жастар толқынында» әр түрлі жанрдағы әдебиеттер ұсынылған. Бұл сіздің өміріңізді қалай өзгертуге болатындығы, өзіңіздің шынайы табиғатыңызды түсіну, жетістікке жету мүмкіндіктері туралы кітаптар: Д. Чопра «Табыстың жеті рухани заңы», О. Истратова «Психодиагностика, ең жақсы тесттер жинағы», П. Ракова «Такому мама не научит», Н. Хилл «Ойлан және бай бол» және т. б. Сонымен қатар, фантастикалық жанрдың қазіргі әдебиеті және шытырман оқиғалы тарихи әдебиеттің классикасы В. Скотт «Айвенго», Б. Стокер «Дракула» және басқалар. Көрменің «Білім және еңбек – табыс формуласы» бөлімінде қазіргі жағдайда сұранысқа ие мамандықтар туралы әдебиеттер мен анықтамалық материалдар ұсынылған: М. Құрманғазиева «Мамандықтар бойынша нұсқаулық», «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» және басқалар.