7 қаңтарда христиандар басты мерекелердің бірі – Рождествоны атап өтеді. Бұл бір–біріне мейірімділік, қамқор, жанашыр, мейірімді қарым-қатынас жасау уақыты. Мереке қарсаңында Федоров орталық аудандық кітапханасының «Төрт маусым» клубында «Рождестволық ғажайыпты күту» атты кездесу өтті. Кітапханашылар мерекенің пайда болуы, жылы құттықтаулар мен тілектер, ойындар, конкурстар туралы ақпаратты қамтитын қызықты ойын – сауық-танымдық бағдарлама дайындады. Іс-шараға әдемі музыка мен тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Соңында барлық қатысушылар дәстүрлі шай дастарханына шақырылды.