3 қаңтарда орыс кеңес жазушысы, прозашы Александр Альфредович Бектің туғанына 120 жыл толды. Жазушыны еске алу мақсатында Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Тұлға. Шығармашылық. Өмір» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып және оның шығармашылығына шолу жасап, оқырмандарды автордың шығармаларымен таныстырды: «Волоколамск тас жолы», «Жаңа мақсат», «Басқа күнге», танымал шығармалары мен әңгімелері жинақталған төрт томдық шығармалар жинағы.