2023 жылы Қазақ ордасының ханы, мемлекет қайраткері Абылай ханның туғанына 305 жыл толады. Абылай хан – қазақ тарихындағы елеулі тұлға, сондықтан оның тұлғасы туралы білімді жаңа ұрпақ бойына сіңіру қажет. Осы мақсатта Федоров орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары Абай атындағы ОМ-тің 11-сынып оқушылары арасында «Тарих беттерінде» атты ақпараттық-танымдық сағатын өткізді. Абылайдың өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты мәліметтер дайындалды. Кітапханашының әңгімесі тақырыптық слайдтармен, Петропавлдағы Абылай хан мұражайы туралы бейнероликпен сүйемелденді. Бұл кісінің көрнекті тұлға болғаны, оның мемлекеттік парасаттылығы, даралық батылдығы, қолбасшы, саясаткер, білікті, дарынды дипломат екені айтылды. Шара соңында оқушыларға Абылай хан туралы, оның қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы рөлі туралы баяндайтын әдебиеттермен танысу ұсынылды.