Қаңтар айында Кеңес Одағының Батыры, гвардия генерал–майоры, Кеңес әскери қолбасшысы Иван Панфиловтың туғанына 130 жыл толады. Осы мерейтойға орай Федоров орталық аудандық кітапханасында «Аты аңызға айналған – Панфилов» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде И. В. Панфиловтың өмірі мен әскери қызметі туралы әдебиеттер ұсынылған: «Панфиловшылар. 8-ші гвардиялық дивизия ардагерлерінің естеліктер жинағы. И. В. Панфилов атқыштар дивизиясы», Б Момыш-ұлы «Соғыс психологиясы» және «Генерал Панфилов», В. Панфилова «Менің әкем», М. Панфилова «Панфилов Иван Васильевич», «Ұлы Отан соғысы майданындағы қазақстандықтар» фотоальбомы, «Аңызға айналған Панфилов» жинақ папкасы және т. б.